МТРА жаңалықтары

Есіл ауданында “25 жұлдызды күн” республикалық акциясы бастау алды

Жалпы, аталған іс-шара елімізде желтоқсан айының 15-іне дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында Есіл ауданында бірқатар маңызды іс-шаралар өтпек.

Мұратбек Әбішев – Есіл ауданының әкімі:

– Бүгін акцияның алғашқы күні “Ата заңымыз” жайлы жиын өткізіп отырмыз. Жалпы, 25 күн ішінде аудан орталығы ғана емес, әр ауылда түрлі шара ұйымдастырылатын болады.

Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстанның жас мемлекет үшін айтарлықтай зор табысқа жеткені айғақ.

Елена Балло — “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:

– Біздің елде ұлтаралық және конфессияаралық келісім жақсы дамыған. Түрлі ұлт өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осылайша, әлемнің көптеген мемлекетіне үлгі болып отырмыз. Мен Елбасымыздың саясатының арқасында еліміз әлі талай жетістікке жететіндігіне сенімдімін.

Жиында Есіл ауданының белсенді жастары да сөз алды. Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Кристина Тебенькова елімізде білім алып, кәсіп иесі атану үшін ұрпаққа зор мүмкіндіктер жасалған дейді.

Кристина Тебенькова – Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті:

– Қазіргі күні елімізде жастардың білімге, ғылымға жақын болуы үшін бар жағдай жасалған. Енді, тек біздер осы мүмкіндерді дұрыс пайдаланып, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керекпіз. Болашақ – біздің қолымызда. Сондықтан, баршамыз жұмыла еңбек етуге міндеттіміз.

Шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Култанов Байболат