МТРА жаңалықтары

СҚО ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров келді

Константин Петров – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Астана қаласы:

– Біз ең алдымен сайлау ұйымдастырушыларының жұмыс сапасын көтеріп, комиссия мүшелерінің біліктіліктерін арттырумыз қажет. Қазір осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек сияқты. Осы ретте барлығымыз күш біріктіріп сайлауға қатысты проблемаларды шешуіміз қажет.

Сондай-ақ, жиын барысында Константин Петров жерлестерімізге өзге мемлекеттерде Перезидент сайлауының қалай өтетіндігі туралы да айтып берді.

Константин Петров – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Астана қаласы:

– Жақында мен Молдова еліне барып, Президент сайлауының екінші кезеңін бақыладым. Аталған мемлекетте сайлау комиссиясы мүшелерін оқытатын арнайы институт бар екен. Оқыту кезеңі аяқталған соң, алған білімдерін растайтын құжат, сертификат беріледі. Кейін саяси бюро құрамына кіреді. Бізде әлі шетелдік әріптестерімізден үйренеріміз көп.

Кейін кездесуде сайлау кезінде туындайтын проблемалар сөз болды.

Ольга Тищенко – Аққайың ауданы сайлау комиссиясының мүшесі:

– Аққайың ауданында 45 сайлау комиссиясы бар. Жалпы сайлау жұмыстарымен бізде 315 адам айналысады. Айту керек, комиссия мүшелерін 100 адам тұратын елді мекеннен таңдап алу қиын. Өйткені, заң бойынша барлығын бір мекемеден алуға болмайды. Ал мұндай жерлердегі ең үлкен мекеме ол – бастауыш мектеп қана. Сондықтан, бізге зейнеткерлер мен жұмыссыз адамдарды алуға тура келеді.

Сонымен қатар, жиында сайлау кезіндегі интернетке қосылу, техникалық жабдықтау да сөз болды. Кездесу барысында солтүстікқазақстандықтар Елордадан келген мейманға өздерінің бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Ал ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров болса, аталған проблемалар бақылауға алынатынын айтты.

 

Айгерим Ержанова