МТРА жаңалықтары

Биылғы қыста Петропавлда коньки тебуге арналған 25 мұз айдыны жұмыс істейтін болады

Владимир Щербаков – Қ.Байболов атындағы облыстық мамандандырылған БЖСМ директоры:

– Біз жұмысқа қарашаның 3-і күні кірістік. Қазір алғашқы нұсқаның 70 пайыздан астамы тындырылды. Бұл – біртіндеп орындалатын үрдіс. Біз үшін ауа райы қолайлы, яғни теппература минус 10 мен 20 градустың аралығында болу керек. Тым суық болса су ағызатын құбырлар қатып қалады. Енді мұз айдынын толығымен осы айдың соңына дейін жасап бітіреміз деген ойдамын.

Өткен жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген жабық кортта да жұмыс қызған. Мұнда қазір ыстық су құйылып жатыр. Тұманның салдарынан дым көрінбейді. Бұл жерде қыста хоккейшілер мен керлингшілер де жаттыға алады екен.

Владимир Щербаков – Қ.Байболов атындағы облыстық мамандандырылған БЖСМ директоры:

– Тағы бір айта кетерлік жәйт, биыл біздің мектебімізде үш жаңа секция ашылды. Ол – спорттық бағдарлау, керлинг және допты хоккей. Бұл спорт түрлерімен айналысатын 50-ге жуық баланы таңдап алдық. Ал жалпы біздің мектепте 470 жасөспірім тәрбиеленеді. Енді желтоқсан айында балалар арасында допты хоккейден Қазақстан Кубогын өткіземіз деген жоспар бар.

“Қарасай” стадионындағы мұз айдынында тебуге арналған 120 жұп коньки бар. Биыл тағы 30-ын сатып алынған.
Жалпы қыс мезгілінде Петропавл қаласында 25 нысанда коньки теуіп, бос уақытты тиімді өткізуге болады. Оның 4-уі – жабық корттар. Сондай-ақ, “Жастар” стадионында да келушілерге арналып бірқатар өзгертулер жасалынуда. Онда енді екі бірдей мұз айдыны құйылады.

 

Риат Шони