МТРА жаңалықтары

СҚО-да жыл басынан 1 млн 300 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген

Биылғы жылдың 9 айында өңірде 1 млн 31 мыңнан астам аталмыш қызмет түрі көрсетіліпті. Оның 32 мыңы электрондық портал арқылы іске асырылса, 63 мыңнан артығы ХҚК орталықтарында жүргізілген.

Мадияр Қожахмет, СҚО әкімі аппаратының жетекшісі:


– Оның біздің облысқа тән ең көп басымдылығы бұл ауылшаруашылығына қатысты қызметтер болады. Бұл – ветеринарлық анықтамалар беру, Денсаулық сақтау саласында дәрігерлерге жазылу бойынша. Ең көп қызметтер осы салада жүргізіледі.

Облыс әкімі аппараты жетекшісінің айтуынша кейінгі жылдары тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік қызметке ХҚК орталықтары мен электрондық портал арқылы жүгінген. Себебі, мұның тиімді жақтары көп. Мәселен, мал басына берілетін анықтаманы алу үшін ветеринария бөліміне барудың қажеті жоқ. Барлығын ХҚК орталығына келіп электронды портал арқылы жүзеге асыра аласыз. Кейін құжатты жоғалтып алған жағдайда да оның электронды нұсқасы сақтаулы тұрады.

Мадияр Қожахмет, СҚО әкімі аппаратының жетекшісі:


– Қазіргі таңда танымал Айос және Андройд қосымшалары және компьютер арқылы egov сайтында да қызметтер көрсетіліп жатады. Оны пайдалану жолдары қазір едәуір жеңілдетілді. Өтініш жазу, балаларды балабақша кезегіне қою сынды қызметтерl3 осы жерде жүзеге асыруға болады.

Жергілікті азаматтарға 8 мемлекеттік орган мен Петропавл қаласы әкімінің аппараты көрсететін 76 қызмет түрінің 71-і тегін. Мәселен, бұл мекемелердің қызметіне жыл басынан 65 мыңнан астам петропавлдық жүгінген. Оның 21 мыңнан астамы ХҚКО арқылы, 11 мыңнан көбі электрондық үкімет арқылы жүзеге асқан. Ал, қалған қызмет түрін көрсететін қалалық бөлімдер әрдайым бақылауда.

Асхат Бекеев, Петропавл қаласы әкімінің аппарат жетекшісі:

 

– 2016 жылдың сәуір айында ішкі бақылау жүргіздік. Олар кәсіпкерлік, әлеуметтік қорғау және ветеринария бөлімдерінде. Қорытынды бойынша 5 қызметкер жазаға тартылды. Оның 4-уі ветеринария, 1- әлеуметтік қорғау бөлімінде.

Аталған бөлім қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімін шамадан тыс асырған екен. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін тиісті мамандар әрқашан біліктілікті арттыру курстарына жіберіліп отырады.

Акбопе Танирберген