МТРА жаңалықтары

“Vino 4-ever SKO” клубының велошабандоздары маусымды қорытындылады

Жандос Бижігітов – “Vino 4-ever SKO” велоклубының велошабандозы:


–  Биылғы жыл мен үшін өте жемісті болды деп айтсам болады. Ең үздік көрсеткіштерімнің біріне «Tour of Bolgaria» турында қол жеткіздім. Мен онда 1-ші орынды иелендім. Енді, міне, кәсіби «Astana Pro Team» командасына жолдама алып отырмын. Әлі де үздік нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыройлы қорғайтын боламын.

Жалпы 3 жылдық тарихы бар “Vino 4-ever” велоклубының спортшылары биыл түрлі дәрежедегі 28 жарысқа қатысқан. Халықаралық сайыстарда жерлестеріміз жеке сында 8 алтын алқаны иеленді. 10 мәрте күмісті қанағат тұтса, 6 рет үздік үштікті тұйықтады.

Сергей Данникер – “Vino 4-ever SKO” велоклубының жаттықтырушысы:


–  Қазіргі таңда “Astana pro team” командасының құрамында 5 солтүстікқазақстандық велошабандоз өнер көрсетеді. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Бір айта кететіні, “Vino 4-ever” велоклубы Азия бойынша ең үздік команда атағын иеленіп отыр.

Үздік нәтижелермен жылды қорытындылаған “Vino 4-ever SKO” велоклубы енді кезекті маусымға қызу дайындық жүргізбек.

Айсулу Сергали