Балалар

Петропавлда СҚО әкімі кубогіне арналған КВН фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

Әзілқойлар залға жиналғандарды қалжыңдарымен бірден баурап алды. Айта кету керек, көңілашар кеште студенттер мен оқушылардан бөлек Аққайың ауданының мұғалімдерінен жасақталған құрама да көрермендерді күлкіге бөледі.

Жанар Бимағамбетова – «Первая» командасының мүшесі, Аққайың ауданы:

– Біздің құрамада – 7 адам. 1 жұма бойы нығыз дайындалдық. Өзіміз ұстаз болғандықтан көбіне мектеп қабырғасында орын алатын әзілдерді дайындап келдік. Жан-жақтан дәрежелері жоғары командалар келді. Біз командамызбен жақсы ойын көрсетуге және де жүлделі орын алуға үміттенеміз.

Ең жарқын және есте қаларлық әзілдерімен Шал ақын ауданынан келген «Крещенские баклажаны» құрамасы ерекшеленді. Олар қарсыластары мен көрермендерге дағдарыс жөнінде бірнеше кеңестер берді.

Айта кету керек, биыл Қазақстандағы КВН ойындарына 55 жыл толып отыр. Сондықтан, бұл – мерейлі маусым. Аталмыш кезеңде облыс әкімінің кубогі ойнатылатын сайысқа жолдама алу үшін барлығы 4 қалалық және 3 аудандық команда бақ таластыруда.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 3-ші орынды «7up», 2-ші орынды «Крещенские баклажаны», ал бас жүлдені «29 февраля» командасы иемденді. Енді, облыс әкімінің кубогы үшін ойындар қарашаның 25-і өтеді.

 

Айсулу Сергали