МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Салауатты өмір салты” атты акция өтті

Бұдан біз жеткіншектердің салауатты өмір салты туралы түсініктерін қағаз бетіне қалай бейнелегендерін байқаймыз. Сондай-ақ, осы залда ұл-қыздар дайындаған фотокөрме де ұсынылған.

Ксения Горянова – №5 орта мектебінің әлеуметтік педагогы:


– Суреттер көрмесінде 40-тан астам баланың туындылары қойылған. Бұл байқауға 5 және 7-сынып оқушылары қатысты. Сондай-ақ, үзіліс уақытында мектепте “Барлығына күлкі сыйла” акциясы аясында түсірілген фотосуреттер жинақталып, көрмеге ілінді.

Соңғы күні мектеп ұжымы оқушылар үшін қорытынды концерттік бағдарлама әзірлеген.
Аталған акцияға белсене қатысқандардың бірі – София Ташланова. Ол қазір “Салауатты өмір салты” жайлы ән айтуда.

Кішкентай жастан бастап салауатты өмір салтын мақсатты түрде қалыптастыру керек. Ал, 5-ші сынып оқушысы София Ташланова болса денсаулығын нығайтауға қазірден көңіл бөледі.

София Ташланова – №5 орта мектебінің 5-сынып оқушысы:

 

– Мен күн тәртібін ұстанамын. Жуынамын, жаттығулар жасаймын және дұрыс толыққанды тамақтанамын.

Жиын соңында байқауларда үздік деп танылғандарға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

Тогжан Акмагамбетова