МТРА жаңалықтары

Облыстық сотта баспасөз туры өтті

Ол үшін мұнда арнайы баспасөз орталығы да жұмыс жасайды. Соттағы барлық залдарда бейнебақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ, қазір сот процесін қашықтықтан да өткізуге болады. Яғни, судьялар өз орындарында, ал айыпталушы белгілікті бір түзету мекемесінде отыруы мүмкін. Екі жақта да бірнеше бейне-аудио жазба құрылғылары болады.
Жалпы ағымдағы жылы бейнежазба қондырғыларын қолдану арқылы облыстық сотта 26 мыңға жуық іс қаралған.

Ерлан Айтжанов – облыстық соттың төрағасы:


–  Сот процесін, міне мынадай экраннан бақылауға болады. Көріп тұрғандарыңыздай экран 4-ке бөлінген. Бұл жерде судьялар да, айыпталушы мен оның адвокаттары және айыптаушы жақ – бәрі анық көрінеді. Дыбыс та жақсы әрі анық естіледі. Процесс басынан аяғына дейін жазылады.

Сондай-ақ, бүгін келушілерге «Сот кабинеті» жүйесі таныстырылды. Мұнда мемлекеттік орган туралы барлық ақпарат жайғастырылған. Жыл басынан аталмыш портал арқылы 17 мыңға жуық адамнан электронды арыз түскен. Мамандардың айтуынша, «Сот кабинеті» қызметі іске қосылғалы олардың жұмысы біршама жеңілдей түскен.

Ерлан Айтжанов – облыстық соттың төрағасы:

– Бұл жүйе арқылы кез келген азамат өз ісіне қатысты сот актілерін және құжаттарды қарай алады. Сот отырыстары жайлы қатысушыларға смс-хабарламалар да жіберіледі. Биыл электронды кабинетті 1 млн-нан астам адам қараған. Яғни, осыншама адамның өз уақытын үнемдеді деуге болады.

Ағымдағы жылы облыстық сотта барлығы 30 мың азаматтық және 2 мыңға жуық қылмыстық іс қаралған. Алғашқысының 1200-ден астамы екіжақты келісіммен аяқталыпты. Оған медиация рәсімі себепші болған.

Айгерім Ержанова