МТРА жаңалықтары

Қызылжар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Соның біреуі балалардың құқығын қорғаумен айналысады. “Қызылжар аудандық мүгедектер қоғамы”-ның негізгі міндеттері жайлы оның төрағасы Руслан Растенов баяндама жасады.

Руслан Растенов – “Қызылжар аудандық мүгедектер қоғамы” ҚБ төрағасы:


– Біздің ұйым мүгедек балалардың құқығын қорғап қана қоймай, сонымен қатар олардың спортпен шұғылданып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жақсы мүмкіндік жасап отыр. Олар бекітілген кесте бойынша белгілі бір орындарда дене шынықтырумен айналысады. Біздің ұйым мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, меценаттарды тартуда.

Руслан Растенов кеңес мүшелеріне мүгедек балалардың ата-аналарымен жиналыс өткізетін тұрақты орын берілсе деген өтінішін айтты. Бұдан бөлек ол селолық округтерде “Қызылжар аудандық мүгедектер қоғамы”-ның өкілдіктерін ашпақшы. Осылайша, ол аудандағы барлығы 1 300 жарымжан балаға нақты көмек көрсетуге болады дейді. Осы күні Қызылжар ауданының біраз меценаты кембағал жасөспірімдерге қол ұшын беріп тұруға келіскен. Сонымен қатар, ұйым мүгедек балалардың ата-аналарына педагогикалық, психологиялық қолдау көрсетеді.

Кейін жиында Якорь ауылдық округiнің әкімі Әнуар Қожахметов жыл басынан атқарған жұмысына тоқталып өтті.

Әнуар Қожахметов – Якорь ауылдық округiнің әкімі, Қызылжар ауданы:


– Биыл Якорь ауылдық округi тұрғындарынан барлығы 32 өтініш түсті. Жеке тұлғалар көбінесе тұрғын үй салуға, көкөніс отырғызу үшін жер учаскелерін сұрап келді. Біз көбінің өтінішін қанағаттандырдық. Бір адам қаңғыбас иттерді ату туралы өтініш түсірді. Ол сұрау да орындалды.

Якорь ауылдық округiнің әкімдігі жыл басынан бері 4 заңды тұлғаның өтінішін қарастырған. Оның біреуі мал өлексесін көмуге арналған жер телімін сұратқан.
Жалпы қоғамдық кеңес Якорь ауылдық округiнің әкімінің жұмысына оң бағасын берді.

Берік Қасен