МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жас Отан” ЖҚ қатары толықты

Бақытжан Тұрсынов жақында ғана Астанада өткен Республикалық пікірталас байқауына қатысып, жеңімпаз атанып келді. НЗМ-де сабақ беретін жас ұстаз түрлі шараларға қатысып, өз белсінділігін танытып отыарды. Бүгін ол да “Жас Отан” ЖҚ мүшелігіне өтті.

Бақытжан Тұрсынов, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі:

Жас Отан – қоғамда өз белсенділігін арттырып, түрлі жұмыстарды атқаратын алдыңғы қатарлы ұйымдардың бірі. Сондықтан жастарды осы қатарға қосылуға шақырамын.

Бүгінде Петропавлдағы “Жас Отан” ЖҚ құрамында он мыңнан артық жас бар. Биыл жыл басынан бұл қатарды тағы 130 қыз жігіт толықтырыпты.

Абылайхан Қайроллаев, “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

Біз түрлы шаралар ұйымдастырамыз. Ал, бұл арқылы өңірдің барлық жастарының басын қосамы.

“Жас Отан” ЖҚ құрамына қабылданған Қыз-жігіттер бұдан былайғы уақытта да қоғамдық шараларға белсене қатысады. Қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектерін береді.

Акбопе Танирберген