Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыста “Қыс-2016” республикалық командалық-штабтық оқу жиындары басталды

Болатжан Асқарбеков – СҚО ТЖД бөлім бастығы:


–  “Қыс-2016” республикалық командалық-штабтық оқу жиындары аясында 6 учаскеде түрлі шара ұйымдастырылады. Бұл ретте қауырт жағдайда жедел-құтқару жасақтарының әрекет етуі байқалады. Олқылықтар болса соны жоюға бағытталған шаралар қолданылады.

Аязды күндері кірпік қақпай халыққа қызмет ететін жандардың бірі – ол облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының мамандары. Штатта 300-ге жуық адам және 23 автокөлік бар. Жанар-жағармаймен 100 пайыз қамтылыпты.

Мамадияр Байғұлов – облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері:

– Біз тәулік бойы жұмыс істейміз. Штаттағы мамандардың барлығы білікті қызметкерлер. Бір тәулікте кезекшілікке 17 машина шығады.

Бүгін жедел-әрекет ету штабының дайындығымен облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев танысты. Өңірдегі штабтың жетекшісі қаз-қатар тізілген техникаларды аралап, құтқарушылармен тілдесті.

Антон Федяев – облыс әкімінің орынбасары:


–  Қыс – өте қатал жыл мезгілдерінің бірі. Төтенше жағдайда барлығыңыз бір адамдай жұмыс жасап, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттеріңіз. Қыс мезгілінде боран, көктайғақ және тұрмыстық жағдайда орын алған өрттер көптеп кездеседі. Сіздерге артылған жүк ауыр. Осындай жедел әрекет етулер тек оқу-жаттығу жиындарында орын алсын дегім келеді.

Айта кету қажет, “Қыс-2016” республикалық командалық-штабтық оқу жиындары қарашаның 18-іне дейін жалғасады.

 

Риат Шони