МТРА жаңалықтары

НЗМ-де Қазақстанның инновациялық-индустриялық дамуы жайында дөңгелек үстел өтті

Облыста 2010-шы жылдан бері индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында 54 жоба өз жұмысын қолға алынған.

Жеңiс Асанов – СҚО индустриялық-инновациялық даму басқарамасы басшысының орынбасары:

– Келер жылы индустриялық карта аясында өңірімізде қант өндірісімен айналысатын зауыт ашылады. Бұл шетелден жеткізілетін импортты алмастырмақ. Сондай-ақ, гиперпресстелген кірпіш шығару өндірісі қолға алынып, қозықұйрық саңырауқұлақтарын өсіріп, қайта өңдеу кәсіпорны іске қосалады.

Ал оқушыларды медицинаның қалай дамып келе жатқанын және науқастарды емдеудегі жетістіктермен облыстық кардиологиялық орталықтың рентген-хирургы Дмитрий Тё таныстырды.

Дмитрий Тё – облыстық кардиологиялық орталықтың рентген-хирургі:

– Біз қазір аорта-конорарлық шунттау деген ауыр отаны жасай аламыз. Жылына 200-ге жуық операция орындалады. Кезінде бұндай мүмкіндік болмағанда адамдар көршілес Ресейге барып емделетін.

Жиында мамандардың әңгімесін ден қоя тыңдаған жастар еліміздің келешегі өздерінің қолында екендігін түсінуде. Олар бүгіннен бастап қандай маман иесі атанатындарын ойластыруда.

Сәния Абылқасова – Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Мен болашақта дәрігер болғым келеді. Маған жаңағы рентген-хирургтың науқастарды емдеу әдісі таң қалдырды. Тың технологиялрды пайдаланады екен.

Сондай-ақ, жиында жастарға елімізде қазір жұмыс істеп тұрған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылып, оларды қалай пайдалану керектігінен де хабардар етілді.

 

Акбопе Танирберген