Мәдениет

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әнші Нұрсұлу Ахметжанованың жеке концерті өтті

Нұрсұлу Ахметжанова – облыстық филармонияның солист-вокалисі:

– Негізі ән айтқанды бала кезден жақсы көремін. Атамды үлгі тұтып, өнер саласына қадам бастым. 17 жылдың ішінде көптеген концерттерге қатыстым. Өзіме елді мекендерді аралаған ұнайды. Ауылдағы ағайын өнерді ерекше бағалайды.

Нұрсұлу Ахметжанованың отбасында барлығы өнерге жақын. Дарындылығы бойына қанмен тараған десе де болады.
Бүгін өнер иесінің жеке концертіне көппен қатар үзеңгілес достары да келіп отыр. «Нұрсұлу тек керемет дауыстың иесі ғана емес, сондай-ақ ардақты ана, мейірімді әже.

Алма Банных – Нұрсұлу Ахметжанованың әріптесі:

– Көрермендер Нұрсұлудың әндерін үлкен ықыласпен тыңдады. Бұл оның өткізіп отырған бірінші жеке концерті емес. Репертуарында 100-ге жуық әні бар. Бүгінгі кеште Нұрсұлу 15-ке тарта қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді жанды дауыспен шырқауда. Көбіне көрермендер оның орындауындағы Шәмшінің әндерін сүйсіне тыңдауда.

Сахнада, сондай-ақ, «La Scala» тобы өнер көрсетті. Олар да әдеттегідей көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жалпы бұл концертті қашан да көрерменін ән мен күйдің бесігінде тербететін облыстық филармония ұжымы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап отыр.

–  Концерт өте тамаша өтті. Опералық әндерді тыңдағанды жаным сүйеді. Мұндай концерттерге жиірек келуге тырысамын.


–  Қызымның концертіне алыстан келіп отырмын. Көңіл-күйім сондай көтеріліп қалды. Осындай концерттер өңірімізде көбірек ұйымдастырылып отырса деймін.

 

Айсулу Сергали