Құқық қорғау органдары

10 айдың ішінде облыста 182 жол-көлік апаты тіркеліп, 34 адам көз жұмды

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:


–  Қарашаның үшінші жексенбісі жол апатынан қаза тапқан адамдарды еске алу күні болып саналады. Соған байланысты республика аумағында 14-і және 20 қараша аралығында акция өткізіліп жатыр. Бізде көп жүргізушілер жолда жаяу жүргіншілерді өткізбейді, олардың көздеріне түсу үшін біз арнайы таспа тараттық. Және көлік жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргіздік.

Балалар полицейлер берген сыйлықты – жарық қайтарғыш қасиеті бар шағын таспаны қолдарына байлап алған. Кейін олар көлік қозғалы көп Интернационал көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп көрді. Темір тұлпар иелері күнмен шағылысқан қолдарындағы таспаны көріп жылдамдықтарын бәсеңдетіп үлгереді екен.

– Чтобы пристегивали своих деток. Дети – это самое важное у нас. Детское удерживающее устройство должно быть? Обязательно, никак без него.

Полицейлер «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы» атты акция аясында бірқатар жоспарлы іс-шаралар өткізбек. Оған оқушылар, автомектеп курсанттары, көлік жүргізушілері қатысып, жол қозғалысының ережелерін тағы бір мәрте еске салмақ. Жалпы облыс жолдарында 10 ай ішінде 182 оқыс оқиға тіркелді. Салдарынан 34 адам қайтыс болып, 233-і түрлі дене жарақаттарын алған.

 

Риат Шони