Құқық қорғау органдары

Жыл басынан өңірде 226 тонау фактісі тіркелген

Оқиғалардың дені түн жарымында дәл темір жол вокзалы маңында орын алған. Яғни, жалғыз жүрген әйел немесе ер адамға екі жігіт келеді де, күш қолдану арқылы ұялы телефондарын тартып алып отырған. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, ұрыларды қолға түсірді. Олар 1985 және 87 жылы туылған Петропавл қаласы және Ақмола облысының тұрғындары болып шықты.

Нұрсұлтан Құдабаев – Петропавл қаласы ІІБ тергеушісі:


– Аталмыш фактіге сәйкес ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімі 1,2,3 тармақтары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баптың санкциясына сәйкес 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу барысында анықталғандай ұсталған екі жігіт те ұрлық жасағаны үшін сотталып, түрмеден биыл ғана босап шыққан екен.
Қазіргі уақытта күдіктілер 4 жымқыру фактісіне қатысы барларын мойындап отыр. Олар қолды қылған заттарды базарға апарып арзан бағаға сатқан.
Жалпы жыл басынан облыс аумағында 226 тонау фактісі тіркеліп, оның 87 пайызы ашылған.

Тогжан Акмагамбетова