МТРА жаңалықтары

“Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының 28-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Бүгінде оның 6-уы іске асып отыр. Қалған 3-уі жыл соңына дейін орындалмақ. Осылайша, бұл жобалардың аясында 300 адам жұмыс орнымен қамтылмақ.

Марат Тасмағанбетов – «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалының төрағасы, Петропавл қаласының әкімі:


–  Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша облыс орталығында 75 жоба мақұлданды. Оның жиынтық сомасы 4 млрд теңгені құрайды. Жалпы Петропавл қаласы бойынша биыл жұмысқа орналастырылған адамдардың саны 2000-нан астам.

Бұдан соң жиында «Жас Отан» жастар қанатының Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi Абылайхан Қайроллаев сөз сөйлеп, жасотандықтардың атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы бойынша еріктілер мектебі құрылды. Олар қарттарға жыл бойы көмек көрсетіеді.

Ағымдағы жылы “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына тұрғындардан 559 өтініш келіп түскен. Оның дені балабақша кезегі мен жұмысқа орналасуға қатысты.

Галина Семенова – Петропавл қалалық мәслихатындағы партияның депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары:


–  Биыл партиялық фракция мүшелері шешімін таппай жүрген мәселелерді қарастырды. Оның ішінде шаһарды аббаттандыру, үй құрылысы, медициналық қызмет көрсету туралы сауалдар баршылық. Бұл ретте біздің депутаттар бірқатар шаруалар атқаруда. Жалпы қазір қала тұрғындарының облыс орталығындағы көріктендіру жұмыстарына көңілдері толады.

Бұдан кейін, конференцияда партияның қалалық саяси кеңесінің мүшелері сайланды. Тізімге 29 адам енгізілген.
Жиында, сондай-ақ, қарашаның 24-і өтетін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының 24-ші съезіне қатысатын делегаттар бекітілді. Нәтижесінде аталмыш шараға қалалық маслихаттан 60 адам қатысады деп жоспарланды. Жиын соңында партия белсенділері қала әкімінің қолынан алғыс хатпен марапатталды.

Айгерим Ержанова