МТРА жаңалықтары

“Браконьер” республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында СҚО-да 475 заңбұзушы ұсталды

Рейд аясында ІІД-нің қызметкерлері облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 475 фактісін анықтады. Ал, 340 адам аңшылық жасау шартын сақтамаған.

Асхат Қожабаев – СҚО ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің инспекторы:

– Сараптама көрсеткендей, құқықбұзушылардың дені өздеріне рұқсат етілген құстарды артығымен атып алып жатады. Сонымен қатар, аулағандарын жолдамада белгілемейді. Бұндай заңбұзушылық жасаған тұлғаға қатысты әкімшілік жаза тағайындалып 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бұдан басқа балық аулау тәртібін бұзғаны үшін 81 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 11 тұрғын ағаш пен шіліктерді рұқсатсыз кескен.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:


– Сондай-ақ 24 солтүстікқазақстандық заңсыз балық жинау және балық аулау ережелін бұзған. 15-і азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты барлығы 452 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тағы 16-сына қылмыстық іс қозғалды. Соның 2-уі балық және балық ресурсын заңсыз аулауға байланысты.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:


– Уәлиханов ауданында полицейлер Тілеусай ауылы тұрғынының ауласынан артемий салинаға ұқсайтын өзіне тән иісі бар қоңыр түсті құм тәрізді зат салынған 9 қап тапты. Ол ішінде “артемия салина”-ның цистасы бар жалпы салмағы 345 келіге дейін жететін құмды Теке көлінен жинап алған. Оның су жәндігін жинауға және сақтауға ешбір қжаты болмай шықты. Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Заңбұзушы 75 тәулікке қамау немесе 600 мың теге айыппұл салынады.

“Артемия салина” – әлемде өте сирек кездесетін құрттың бір түрі. Және ол экологиялық таза тұзды көлдерді ғана мекендейді. Әдетте шаянтәрізді құрттарды аквариум балықтары және су қоймаларын жағалайтын құстар қорек етеді. Егер омыртқасыз организмдердің саны азайса, суда жүзетін құстар құрып кетуі мүмкін. Соңғы жылдары желбезекаяқты шаяндардың биологиялық материалынан Қытай мен Ресейдің ғалымдары теріні нәрлендіретін косметика мен адамдағы белсіздікті емдейтін дәріні жасап шығарған. Әлі де болса әлем ғалымдары “Артемия салина”-ны үлкен қызығушылықпен зерттеп жатыр. Тек біз ғана қолда бар “алтын”-ның бағасын күні бүгінге дейін білмей келеміз.

Берік Қасен