МТРА жаңалықтары

“Азаматтарға арналған Үкімет” мемлекеттік корпорациясы соңғы 10 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады

Сәйкесінше, бұл мекемелерде көрсетілетін қызмет түрлерін бір жерден алу мүмкіндігі туды. Бүгінгі баспасөз мәжілісінде аталған департаменттердің соңғы он айда атқарған жұмысы мен мемлекеттік қызметті оңтайландыру жайы айтылуда.

Марат Қасенов, «Азаматтарға арналған Үкімет” МК КЕ АҚ СҚОФ бойынша филиалы “Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық қарау» департаментінің директоры:

 

– Мәселен, біз 15 күнде көрсетілетін қызмет түрін 6 күнде атқарылатын қылып оңтайландырдық. Одан да аз уақытта көрсетілетін түрлері бар. Елімізде алғаш қызмет көрсету орталықтары 2007 жылы пайда болды. Бұл әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жоюға ықпал етті. Енді, бір терезе жүйесі арқылы қазақстандықтар 200-ден артық қызмет түрін ала алады. 2012 жылдан Мамамандандырылған ХҚКО жұмысын бастады. Петропавлдағы бұл мекемеде көлік иелері биыл 43 мыңнан артық құжаттарын рәсімдеген.

Осынша қызмет түрін көрсететін 4 кәсіпорындағы мамандардың біліктілігі де арттырылу үстінде. Тіпті, көру және есту жүйесінде кемістігі бар жандарға да қызмет көрсетіледі.

Серік Бейсенов – “Азаматтарға арналған Үкімет” МК КЕ АҚ СҚОФ “ХҚКО” департаменті директорының міндетін атқарушы:

– ХҚКО-дағы мамандар арнайы кестеге сай алыс-жақындағы елді мекендерге шығып, тұрғындарға қызмет көрсетеді. Биылғы жылдың он айында 594 рет осындай сапарға шыққан. Нәтижесінде ауыл тұрғындарына 31 644 қызмет түрін көрсетіп қайтты.

Төлқұжат және жеке бас куәлігі тек ХҚКО-да рәсімделеді. Егер бұл маңызды құжаттарда бір қате кетсе, азаматтар үшін мемлекеттік қызмет алуда айтарлықтай мәселенің туындауы ғажап емес. Бұл ретте, журналистер мекеме басшысының міндетін атқарушыға кейінгі уақытта қызметкерлердің салғырттығынан мұндай олқылықтардың жиі кездесіп жүргендігін атап кетті. Серік Бейсенов алдағы уақытта аталған қателіктерге жиі жол берілмеуін қадағалайтынын айтты.

Акбопе Танирберген