МТРА жаңалықтары

Әділет департаменті ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысын шығарды

Сондай-ақ, 27-ші тармақта жеке сот орындаушылары институтын дамытып, керісінше, мемлекеттік сот орындаушылар қызметінің қысқартылуы айтылған болатын. Осыған дейін соңғыларының саны 30 пайызға азайған еді. 2017 жылы мемлекеттік сот орындаушыларын тағы 30 пайызға қысқарту жоспарланған. Ал қалған 40 пайызы мемлекеттік маңызы бар өндірістік істерді атқара бермек. Жалпы бүгіндері мемлекеттік сот орындауышларына жүктелген салмақ ауқымды.

Батырбек Қалабаев- СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары:


–  Жыл басынан мемлекеттік сот орындаушыларының қарамағында 57 млрд теңгенің 38607 өндірістік ісі болған. Солардың 11 мыңнан астамы бүгіндері әлі орындалған жоқ. Бірақ олар жеке сот орындаушыларына өтпейді. Заңға сәйкес, оларды біз өзіміз аяқтап тастауымыз қажет. Осы өндірістік істердің 4 мыңнан астамы алименттерге қатысты. Олардың 624-і проблемалы болып табылады.

Осы проблемалы алименттердің 120-сы мүлде өтелмеген. Тағы 500-ге жуығы 3 ай көлемінде төленбей жатқан көрінеді. Осындай көкек ата-аналармен күрес жүргізу үшін «алимент төлемей жүргендерге қарсы 30 қадам» арнайы пилоттық жобасы қолға алынған. Бүгіндері ол Қызылжар ауданында жүргізілуде. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, оның қарамағына, прокуратура, сот орындаушылары, тәртіп сақшылары кірген.

Батырбек Қалабаев- СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары:

 


–  Қызылжар ауданында бүгіндері алимент төлеуі тиіс бірақ жұмыссыз жүрген 25 адам екі қолға бір күрекпен қамтылды. Сөйтіп олардың жалақысынан қарыз ұсталып отырады. Тағы 3 борышкер іздеуге салынып, олардың мекен жайлары анықталды. 2 борышкердің шетелге шығуына тйым салынса, 9-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 6 алимент төлеуден жалтарып жүрген тұлға іздеуде жүр.

Егер аталмыш жоба сәтті жүзеге асса, оны келешекте өзге аудандарда да қолдану жоспарда бар.

Магжан Ахмадина