МТРА жаңалықтары

Тұрғылықты мекен жайы жоқ жандарға арналған пункт өз жұмысын қайта бастады

Валерий Пахоменко:

 


– Осы жерде жұмыс істедім, кейін отбасын құрдым. Сосын ажырасып, баспананы жанұяма тастап кеттім. Содан міне, үй-күйсіз далада қалдым. Ал мына жерде тамақтандырады. Күнде түнеуге келіп-кетуге болады. Жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Жақсы жағдайлар жасалған.

Осылай, екінші қыс бойы тұрғылықты мекен жайы жоқ жандар мына жерде түнеуде. Биыл мұнда полицейлерден бөлек медицина қызметкерлері де кезекшілік атқарады. Пана іздеп келгендерге бір реттік төсек-орын тысы беріледі. Бөлме кварцталынып отырады.
Қыс түскенде жылу трассалары мен құдықтарды паналайтын қаңғыбастар аталған пункт ашылғалы бері осында жеткізіледі. Олар арнайы рейдтік шаралар барысында анықталады. Бүгіндері мұнда тұрғылықты мекен жайы жоқ 11 адам жеткізілген.

Магжан Ахмадина