МТРА жаңалықтары

СҚО-да ауа райының күрт төмендеуі күтілуде

Ауа райын болжаушылар алдағы күндері теріскейде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді деп отыр. Осыған байланысты білім басқармасының бұйрығына сәйкес тым суық күндері мектеп оқушыларына сабақты босатуға мүмкіндік берілген.

Ғалия Ілиясова – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:


– 1-ші және 4-ші сынып оқушылары сынап бағанасы -25 градуста, ал 5-ші-ден 9-ші сыныптар -27 градус аязда және желдің екпіні 2 м/с болғанда оқымайды. Сондай-ақ, егер ауа температурасы -30 градустан асқан кезде жоғары сынып оқушылары сабақтан босатылады.

Бүгінгі аязға қарамастан Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушылары сабаққа түгел қатысуда. Бірақ, күн суытқан жағдайда барлық ескерту шаралары қарастырылған дейді мұғалімдер қауымы. Мәселен, мына жерде тиісті хабарландыру ілініп тұр немесе қажет болса ата-аналар мектепке телефон соғып біле алады.

Жадыра Қоспаева – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:


–  Бүгінгі күні ауа райы -24 градус, сол себептен де барлық балалар өз орындарында. 100 пайыз сабақ өтуде. Оқу процесі бұзылған жоқ.

Осы білім ошағының оқушысы Айнұр Тілегенова күн суық болса да сабақты қалдырмауға тырысамын дейді. Өйткені, бағдарламадан бір қалсаң, сабақты қайта түсіну қиынға соғады.

Айнұр Тілегенова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 8-сынып оқушысы:
–  Мен мектепке барар кезде күнделікті ғаламтордан ауа райын бақылап отырамын. Егер де дала суық болатын болса, мектепке бармаймын. Бірақ, мен өзім сабақты қалдырмаймын. Өйткені, мектепке барып отыру керек.

Жалпы теріскейдің ауа райын болжау қиын. Синоптиктердің мәліметінше алдағы күндері температураның төмендеуі әлі де жалғасады. Өйткені, ауа райының күрт құбылып, аяз бен қатты желдің соғуына Батыс Сібірден келген антициклон себепші,- дейді.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” АҚ СҚО гидрометеорология филилалы бөлімінің басшысы:

– Алдағы күндерде облыс бойынша жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман болады. Ауа-райы түнде -22, -27, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болады. Күндіз -20, -25, кей жерлерде -28 градус аяз болады.

Айта кеткен жөн, қазақстандықтар ауа райының нақты болжамын Қазгидрометтің сайтынан біле алады.

Тогжан Акмагамбетова