Мәдениет

Петропавлға ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының ұжымы гастрольдік сапармен келді

Бүгін дәл осы спекталь солтүстікқазақстандықтардың сұранысы бойынша қойылуда. Сахнада қаз-қатар тізілген биші қыздардың әр қозғалысын көрермендер кірпік қақпастан бір деммен тамашалап отыр.

Дана Ешкенбаева, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының әртісі:


– Қойылым 3 қимылдан, бір антрактан тұрады. Әлем классикасының шедеврі, сондықтан әр теардың қоржынында бар деп ойлаймын. Бірақ, әр балетмейстер өз көзқарасына қарай сахналайды. Мәселен, Болат Аюханов заманауи тұрғыдан қарастырған. Өзінше ерекше. Менің бұл театрда өнер жүргеніме 13 жыл.

Бұл бір топ аққу – жауыз Ротбарт дуалап тастаған қыздар. Олардың арасында ерекше әдемі Одетта бар. Бұл рөлді теарда 20 жылдан артық еңбек етіп жүрген дарынды әртіс Гүлнар Камалова сомдауда. Ол -шешесінің көз жасынан пайда болған көлдегі аққу-қыздардың ханшайымы. Егер Одетта ғашық болып, махаббаты мәңгілік болса қыздар да ол да бұрынғы қалпына түсіп, дуадан арылады. Бірақ, зұлым Ротбард әрқашан оған кедергі жасаумен болады.

Зұлым күшті театр әртісі Юрий Шакиров сомдаса, аққу ханшайымға ғашық жігітті Ғабит Данабеков бейнелеуде. Қойылым әділдік пен зұлым күштердің, адалдық пен арамдықтың арпалысынан тұрады. Чайковскийдің екі актілі “Лебединое озеросы” осынысымен қызық. Спекталь арамдықтың жақсылықты жеңуімен аяқталады.

Гүлфида Гафурова, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстері:


– Бүгінгі бағдарламадан бөлек, петропавлдықтардың назарына ұсынатын тағы екі қойылымымыз бар. Қарашаның 14-15 күндері Екі актілі “Гамлет, Принц Даский”, “Сон Маргаританың” бір актісін, “Егер соғыс болмаса” атты балет қойылымдарын ұсынамыз. Театр жетекшісі Болат Аюхановтың өзі келе алмады. Ол кісі “Скиф аңызы” атты жаңа қойылымды дайындап жатыр. Алдағы жылы петропавлдықтарға сол туындыны да ұсынамыз.

Бүгін де 50 жылдық тарихы бар ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының қоржынында 50 спекталь, 150-ден артық концерттік бағдарлама бар.

Акбопе Танирберген