МТРА жаңалықтары

Отбасымен демалуға арналған “Marinad” гриль-бары

Барлығы балғын, дәмі тіл үйіреді. Гриль-бар ашылғанда “Хоспер” пешін сатып алыпты. Құны екі бөлмелі пәтермен тең испандық қондырғы еттен тағам әзірлегенде барлық дәрумендерін сақтап пісіреді. Жергілікті аспаздарды дәмі тіл үйіретін тағамдарды әзірлеуге үйретуге арнайы Алматыдан мамандар да шақыртылыпты.

Мұнда клиенттерге арналып барлық жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да біраз ыңғайлықтар жасалған. Есіктері кең, және кедергі келтіретін баспалдақтар жоқ. Әрі қызмет көрсету сапасы да көңілімізден шығады дейді келушілер.

Зейнеп Қожабаева:


–  Мұндағы жұмысшылар жастар. Тапсырыстың барлығын жылдам әкеледі.

Алма Қожабаева:

– Бүгін мен мұнда бірінші рет келіп отырмын. Дәмхана маған ұнады. Дизайны ерекше екен. Қызмет көрсетуі де сапалы әрі жылдам.

“Marinad” гриль-барында үлкендер мен қатар кіші жастағы балалар да тыныға алады. Дәл қазір 1 жастағы Әдия ойын бөлмесінде өз ермегін тапқан сыңайлы. Өзі секілді балалармен ойнап, көңіл көтеруде.

Риат Шони – тілші:


– Шарлы бассейн, алып конструктор және де сурет салуға арналған құралдар. Бұл жерде кіші жастағы балалар өздері емін-еркін ойнай алады. Олардың қасында әрдайым ата-анасы да болмауға болады. Ол үшін бақылау бейнекамерасы бар. Оның көмегімен ата-аналар басқа бөлмеде, үстел басында шәй ішіп отырып өз балаларын бақылай алады.

Мұнда 1 жасқа дейінгі балғындар да келе алады. Жас аналар мен кішкентай балаларға арналған жеке бөлме қарастырылыпты. Бұл – “Marinad” гриль-барының тағы бір ерекшелігі.

Елена Лукашова – “Marinad” гриль-барының басқарушысы:

– Кіші жастағы балаларды белгілі бір сағат сайын тамақтандыру қажет. Жөргегін ауыстыру керек болады. Сол себепті, біз ана мен балаға арналған бөлме жасадық. Емшектегі баланы да емізуге болады. Бұл жас аналарға өте ыңғайлы.

“Marinad” гриль-барының ашылуымен 18 адам жұмыспен қамтылған. Диана Сәбитова бұл жерде кассир болып еңбек етеді. Айтуынша, ұжым жақсы әрі жалақы уақытылы беріліп тұрады.

Диана Сәбитова – “Marinad” гриль барының кассирі:


–  Менің мұнда жұмыс істеп жатқаныма екі ай болды. Барлығы ұнайды. Өзім психолог мамандығына 4 курста оқимын. Жұмысымды оқумен бірге ұштастыруға жеңіл. 1 күн жұмыс істесең, 2 күн демаласың.

“Marinad” гриль-бары алдағы уақытта петропавлдықтарды тағы қуантпақ. Мұнда ерекше стильдегі жазғы асхана пайда болады. Сонымен қатар, жаңа жылдық бағдарламалары да әзір. Ал жоспарларында әлі де болса кеңейіп, “Marinad” гриль-бары желісін іске қоспақшы.

 

Риат Шони