МТРА жаңалықтары

СҚО-да архивистердің байқауы өтті

Әрқайсысында жергілікті ауданның құрылуы, аумағының географиялық-әкімшілік жағынан өзгеруі, сол жерде туылған тарихи тұлғалар жайлы құжаттар сақтаулы. Бума-бума қағаздар мен тау боп үйілген құжаттардың ертеңгі күнге қалпын бұзбай жетуін қадағалайтын осы жандар. Бүгін облыстық байқауда 26 архивист өз мекемелерін көпшілікке таныстырып, жоғары біліктіліктерін көрсетулері тиіс.

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік архивінің директоры:

– Тәуелсіздік алғалы 25 жыл өтті. Бұл уақыт ішінде мұндай байқау бірінші рет өтуде. 4 этап бойынша үздікті анықтаймыз.

Мына кестеде бірінші кезеңнің қорытындысы көрсетілген. Бұл – әр қатысушының “Архив – тарих айнасы” тақырыбында жазған эсселеріне қойылған ұпайлар. Келесі сын – өздері жұмыс істейтін архивті слайд арқылы таныстыру.

Айыртау аудандық архиві 1990 жылы құрылған. Қорында 398 құжат бар. Өңірдегі ең құнды жәдігерлер сақталған архивтердің бірі. Бүгін бұл мекеменің намысын Ұлан Құнанбаев қорғауда. Оның бұл салада еңбек еткенне 2 жылға жуықтаған. Соған қарамастан жас маман байқауда 15-20 жыл еңбек өтілі бар азулы архивистермен бақ таластырмақ.

Ұлан Құнанбаев, Айыртау аудандық архивінің маманы:

 


– Айыртау аудандық архивінде көптеген мағлұматтар сақтаулы. Ауданның бөлініп, кейін өзге аудандармен қосылуы, ҰОС ардагерлері жайлы құжаттар бар.

Ал, Тайынша аудандық архивінде ең көп құжат сақталған. Қорындағы жәдігерлер саны 100 мың данадан артық. Бүгін жылдың үздік архивисі анықталып, бағалы сыйлықпен марапатталмақ. Ал, кейінірек өңірдегі архивтер арасында байқау өтеді.

Ақбөпе Тәңірберген