МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық түлектер президенттік олимпиадада бақтарын сынады

Биыл аталмыш білім сайысының алғашқы кезеңіне 260-тан астам оқушы қатысқан. Бірақ екінші кезеңге жолдаманы тек оның 20-сы ған алыпты.

Ғалия Тәшібаева – СҚО білім басқармасы білім саласындағы ақпараттық технология және әдістемелік орталығының әдіскері:


–  Бірінші кезең қорытындысы бойынша 20 оқушы екінші кезеңге қатысып отыр. Олар 120 минут тест жазады. 4 пәннен 10 сұрақтан. Тест жазған соң, қатысушылар белгілі бір тақырыпта эссе жазады. Бұл тапсырманы орындауға 45 минут берілген.

Нұрлан Жанғалиев – президенттік олимпиадада бағын сынап жатқандардың бірі. Алғашқы турда оқушы 100 ұпайдың 66-сын жинап, ең үздік көрсеткішке қол жеткізген. Нұрлан дистанциялық кезеңде де жоғары балл жинап, республикалық кезеңге өтетініне сенімді.

Нұрлан Жанғалиев – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

 


–  Бірінші кезеңнің сұрақтары өте қиын болды. Бірақ маған ол тапсырмаларды орындау қиынға соқпады. Екінші турға мен 20 күндей дайындалдым. 00:45-51/ Республикалық кезеңге өтемін деген ойдамын.

Дистанциялық кезеңнің жеңімпаздары үстіміздегі айдың 18-і белгілі болады. Бұл тізімге енген түлектер қараша айының 23-і күні Теміртау қаласында өңір намысын қорғайды деп ждоспарланған.

Айгерим Ержанова