МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Әйелдер көшбасшылығы мектебінің” жиыны өтті

Мұнда қыз-келіншектердің қоғамдық-саяси өмірде де белсенді болуына кеңестер айтылып, қолдау көрсетіледі.

Елена Балло – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:


– Әйелдер көшбасшылығы мектебінің” құрамына кез келген салада қызмет ететін нәзікжандылар кіре алады. Биыл біз өңіріміздегі ұжымдарда 12 сабақ өткіземіз. Белсенділерді аталған ұйымның қатарына қабылдаймыз.

Жиында әйелдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру және қоғамдағы беделін көтеру бағытында атқарылатын жұмыстар жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, гендерлік саясат мәселелеріне қатысты тренинг өткізіліп, осы залда жиылған 30 іскер әйелге түрлі кеңестер берілді.

Ләззат Асқарова – “HuMan Nomad” гуманистік менеджмент институтының халықаралық сарапшысы, Астана қаласы:

 


– Елімізде ұлттық гендерлік саясат жақсы жолға қойылған деп айтуға болады. Бұл ұғымның тек әйелге ғана, сондай-ақ ер азаматқа да қатысы бар екенін түсінуіміз керек. Сол себепті, осындай тренингтерге нәзікжандылармен қоса, ерлердің де қатысқаны дұрыс.

Айта кеткен жөн, бүгінде еліміздегі кіші және орта бизнес нысандарының 40 пайызын әйелдер басқарады екен. Ал облыс орталығында мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың пайыздық көрсеткіші 58-ге жетіп отыр.

Тогжан Акмагамбетова