МТРА жаңалықтары

Жыл басынан СҚО ТЖД-нің мамандары 5 100-ден астам адамды құтқарды

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Жыл басынан бері жедел құтқару шаралары барысында 391 адам құтқарылып, ТЖ-лар аумағынан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылған. 261 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Осы жылдың қысында құтқарушылар қар құрсауынан 4 500 адамды аман алып шығып, 2 мыңға жуық техниканы жылыту пунктеріне жеткізген. Қыста түскен қалың қардың арты соқпақты болды. Көктемде де апаттық-құтқару қызметінің мамандары дамыл таппады. Облыс аумағында су басқан 35 елді мекенен 800-ге жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ, 1800 мал да құтқарылды. Арықтар қазылып, кішігірім дамбалар тұрғызылды. Соның арқасында 40 ауылға қызыл су жетпеген. Бірақ аймағымызда мотопомпалар мен су соратын құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі айқын байқалған еді.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Осыған байланысты әрбір ауданан қаражат бөлініп мотопомпалар сатып алынды. Бұдан бөлек аудандық және облыстық қазыналардан ақша бөлініп, К-700, булдозерлер, грейдерлер сынды инженерлік техникалар сатып алынды. Және де республикадан 2 экскава́тор берілді. Ол техникалар су басу қаупі басым аудандарға берілді.

Осы тұста ТЖД-нің жедел-құтқару жасағының жұмысын да ерекше атап өтуге болады. Аталмыш отрядтың мамандары биыл 246 адамды құтқарыпты. Оның 21-бала. Халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайы жақсарған сайын облыс аумағында орын алатын өрт жағдайларының саны айзайып келеді екен. Облыс бойынша еріктілерден 585 өрт сөндіру жасағы жасақталып, 14 бекет құрылды. Десе де соңғысы саны бойынша әлі де жеткіліксіз екен.

Берік Қасен