Спорт

Футболдан қала чемпионаты аяқталды

Евгений Кошкин, “Динамо” ФК жартылай қорғаушысы:

– Әділет” клубына қарсы ойнап, финалға өттік. 3-0 есбімен жеңдік. Ал, кейін мықты құрамалардың бірі Авангардпен финалда ойнадық. Оларды ұтып, жеңіске жеттік.

Салтанатты шараға қатысқан шаһар басшысы Марат Тасмағамбетов кейінгі жылы өңірде спорттың дамуы үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын айтты. Кейінгі жылдары қала жастарының спортқа көптеп көңіл бөлуінің қуантарлық жайт екенін де тіліне тиек етті.

Марат Тасмаганбетов, аким Петропавловска:

– Кейінгі екі жылда қалада 15 көп функционалдық корт ісаке қосылды. Кейін Болатбаев көшесінде 3 жабық корт орнатылды. 35 шағын футбол алаңы да тұрғындардың пайдасына берілді. Көшелерде тренажер құрылғалар мен спорттық алаңдар пайда болды. Жастар да ересектер де бұл нысандарда спортпен айналысуда.

Осылайша марапаттау рәсімі де басталды. Чемпионатта үздік үштікті “Мамлютка” құрамасы түйіндепті. Ал, “Авангард” құрамасы үшінші орынға жайғасқан. Біріншіліктің чемпиондары – “Динамо” құрамасы. Айта кетейін, бұл команда биыл қатарынан екінші жыл үздіктер тұғырынан көрінуде.

Кейін біріншілікте әдемі ойын өрнегін көрсетіп, көзге түскен футболшылар жекелей марапатталды. Қорытынды бойынша ең көп гол соққан ойыншы Мамлюткалық Дмитрий Цганков болса, дәл осы құраманың мүшесі Владимир Никлевич үздік қақпашы деп танылды. Ал, Үздік қорғаушы динамолық Төлеген Байшаков, Үздік ойыншы “Авнгард” құрамсынан Алексей Данаев деп танылған.

Виктор Малинко, ҚазКСР кубогының иегері, футбол бойынша КСРО қола жүлдегері:

– Бұл – футболдың дамуына үлкен мүмкіндік. Осындай жарыстар жиі өткізілсе спартпен айналысатын жастардың саны артады. Артымыздан келе жатқан кішкентайларға да үлгі.

Айту керек, Биыл футболдан Қала Чемпионатына қатысқан команадалар саны былтырғы жылға қарағанда едәуір артқан.

Акбопе Танирберген