Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы халық алдында есеп берді

Қанат Айтбаев, СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы:

– Қылмыстар мен бұзақылықтар саны азайды. Бірқатар жақсы көрсеткіштеріміз бар.

Биылғы жылдың 10 айында жол ережесінің бұзылуына қатысты 74 700-ге жақын факті орын алған. Оның 40-ы – ауыр жол апаты. Рөлге мас күйінде отырған 1438-і жүргізуші куәлігінен айырылып, 76-ы айыппұл төледі. Осындай жауапкершілікке тартылғанан кейін де дәл осы қателігін қайталағандар әкімшілік қамауға алынған.

Табиғатты қорғау полициясы, учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық полиция. Барлығы бірігіп жергілікті полиция қызметін құрайды. Осылайша 1006 тәртіп сақшысы өңірдің қоғамдық тәртібіне жауап береді.

Қанат Айтбаев, СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығының:

– 10 айдың ішінде түрлі тәртіп бұзушылықтардың алдын алу шараларын өткіздік. Нәтижесінде, 10 айдың ішінде жол көлік оқиғаларының саны 18 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, биыл жасалған қылмыстардың 225-інің ізін суытпай аштық. Одан бөлек, Заңсыз тауар тасымалғадан 336 факт тіркелді. Мұндай тауарлардың қатарында ет және ет өнімдерінен бөлек, қару және есірткі тасымалдау да бар.

Одан бөлек, әр үйдің, өз ауласының, шағын аудандардағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге тұрғындар да ат салыса алады. Бұл үшін тәртіп сақшылары “Көрші бақылауы” әдісін қолдануда. Бұл жүйенің арқасында Мир көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде заңсыз алкоголь өнімін сатқан тұрғын қолға түскен.

Алесандр Васильев, қала тұрғыны:

– Горький көшесі, 179 үйдегі пәтерлердің бірі тәулік бойына жалға беріледі. Өткен қазан айында онда есірткі шегіп, арақ ішкен 4-5 адам түнеді. Мұны білген көршілер де зәре қалмаған. Мен КСК төрағасы болғандықтан маған шағымданды. Біздің учаске полицейі орнында болмай шықты. Сосын, 102 нөміріне қоңырау шалдым. Тәртіп сақшылары екінші күні таңертең бірақ келді. Ал, күдікті азаматтар ол кезде ендігі кетіп қалған. Сонда, тәртіп сақшылары белгілі бір уақыт ішінде бірден келуі тиіс деген ереже жоқ па?

Бұл сұраққа СҚО ІІД бастығының өзі жауап берді. Мұндай шағым түскенде бірден учаске полицейі келуі тиіс. Оқиғаның анық-қанығына көз жеткізіп, тіпті болмаса тиісті сақшыны жұмыстан шығаруға дейін барамыз деді ол. Бүгінгі есеп беру кездесуінде ЖҚ бастығына 10-нан артық азамат сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

Акбопе Танирберген