Спорт

“Құлагер” ХК елордалық “Астана” ХК-дан ұтылып қалды

1-0. “Құлагер” командасы алда. Дегенмен қуаныш көпке созылмады. Бірінші периодтың 14-ші минутында елордалық сұрмерген Станислав Логинов әріптесі Артем Токаревтің нәтижелі пасынан кейін таразы басын теңестірді. Осы қарқында алғашқы 20 минуттық та аяқталды.

– Ойын тең дәрежеде өтіп жатыр. Екінші периодта біздің хоккейшілер голды көп соғады деген ойдамын.

Екінші кезең де қақпаға дарыған шайбадан кенде болмады. Ойынның 23-ші минутында 93-ші нөмірдегі шаубылшы Евгений Пашков сол қапталдан ойысып барып Дмитрий Хозяшевті қапыда қалдырды. Осылайша, құлагерліктер бұл кездесуде екінші мәрте алға шықты. Ойынның үшінші бөлігі де көрермендердің делебесін қоздырды. Мұз үстіндегі тартыс қыза түсті. Жан алысып, жан беріскен астаналық хоккейшілер барын салды.

Станислав Логиновқа тұсау сала алмаған қорғаушылар сан соқты. Елордалық шабуылшы таразы басын теңестіріп, матч тағдырын овертаймға ауыстырды. Қосымша 5 минутта да жанкүйерлердің қиқуымен атой салып алға басқан хоккейшілер жеңімпазды анықтай алмады. Демек, кімнің 2, ал кімнің 1 ұпай еншілейтіні буллиттар сериясында анықталады. Ал бұл лотореяда астаналықтардың асығы алшысынан түсті. Үш хоккейшінің екеуі мүлт кетпей жеңіс тойын тойлады. Ал петропавлдық ұжымның бірде-бір ойыншысы буллитта гол соға алмады. Есеп 2-3 елордалықтардың пайдасына шешілді.

Александр Нурек – “Құлагер” ХК қорғаушысы:

– Көптеген жақсы мүмкіндіктер туғыздық, бірақ гол аз соғылды. Қорғаныста да болмашы қателіктерге бой алдырдық. Енді жіберген есені ертең қайтарамыз. Онда мүлдем басқа ойын болады. Жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу қарашаның 9-ы күні Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында өтеді. Матч кешкі сағат 7-де басталады.

 

Риат Шони