МТРА жаңалықтары

Қарашаның 17-сі өтетін Азаматтық форумға дайықтық жүргізілуде

Сергей Худяков- СҚО азаматтар альянсының төрағасы:

– Әлеуметтік тапсырыс қоғамдық ұйым мен мемлекет арасындағы – әріптестіктің бір түрі. Олар қоғамдық ұйымдар орындауға тиісті тапсырмаларды жүктейді. Ал, ұйымдар оны жүзеге асыруы тиіс. Тапсырыстар тендер бойынша ұтысқа салынады. Бұл үшін конкурстан өту шарт. Осының барлығын бүгін жастарға түсіндіріп жатырмыз.

Үкіметтік емес ұйым мүшелері түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Қарашаның 17-сі күні облыстық Азаматтық форум өтеді. Бүгінгі диалог алаңы жастардың бұл шараға дайындығын пысықтамақ.

Арсен Әубәкіров, “Кәсіби жастар қоғамы” РҚБ СҚО бойынша филиалының төрағасы:

– Бүгінгі жиын біз үшін пайдалы. Біз осы жерде тәжірибе алып, ертеңгі күні облыстық азаматтық форумында өз белсенділігімізді танытатын боламыз. Кейін республикалық деңгейдегі диалог алаңдарына да қатасатын мүмкіндігіміз болмақ.

Ал, қарашаның 25-і күні жалпы республикалық азаматтық форум Астанада өтедеді. Оған біздің өңірден 10 адамнан құралған делегация аттанады.

 

Акбопе Танирберген