Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда жаңа «Village» кенті пайда болады

Алексей Скатов, «Village SK» ЖШС құрылтайшысы:

-В этом году планируем ввести 440 квадратов, плюс к каждому дому 6 соток земли.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Сколько стоимость?

– 173 тысячи в чистовой отделке.

Алдағы уақытта бұл жерде аббаттандыру шаралары жүргізіліп, инфрақұрылым тартылмақ. Бүгіндері «Қарасай» стадионында да жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалыпқа келтіру шаруаларына 70 млн теңгеге жуық қаржы бағытталыпты. Қазір мердігер компания – «Петробилдинг» ЖШС еңбеккерлері пластик орындықтарды орнатуда. Тағы жылыту жүйесін жасап, ғимараттың іргетасы қалыпқа келтіріледі. Ішкі әрлеу жұмыстары да жасалады. Енді мұндағы киім ауыстыратын бөлмелер де жылы болмақ.

Бұл күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов ботаникалық бақта да болды. Қосалқы мердігер компания өкілдері нысандағы жұмысты қарашаның 15-күні аяқтамақ. Қазір мұнда 20 адам еңбек етуде.

Серғали Омаров, «Мирас Group» ЖШС прорабы:

– Нысанның іргетасы жасалды. Мұнда біз тігінен және көлдеңінен гидроизоляцияны қалыпқа келтірдік. Ауа ылғалдылығына әсер ететін 26 жиынтық желдеткіштер орнаттық. Сондай-ақ, ғимаратқа су өтпеу үшін карниздерді де алмастырдық.

Құрылыс жұмыстарына 20 млн теңге жұмсалыпты. Қазір нысанның шатыры жөнделіп жатыр. Материалдардың барлығы да Мәскеу қаласынан жеткізіліпті.

Артур Рязапов, «Қызылжар оранжереясы» ЖШС директоры:

– Келесі жылы ауа ылғалдылығының мәселесін шешу үшін шытынаған шыны пакеттерді алмастыруды жоспарлап жатырмыз. Сондай-ақ, ауаны қалыпқа келтіретін үдемелі механизмі бар қосымша желдеткіш жүйелерін орнату керек.

Өңір басшысы нысандағы жұмыстарды уақытылы әрі сапалы істеу қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда ботаникалық бақта экзотикалық өсімдіктің 2 мыңнан астам түрі бар.

Тогжан Акмагамбетова