МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдікте кезекті ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Қанат Айтпаев- СҚО ЖПҚ бастығы:

– Бейнетіркеуіштердің көмегімен ұсақ қылмыстарды ашу көрсеткіші артты. Тағы бүгіндері облыс бойынша 215 камера орнатылған. Олардың көмегімен 18 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталды. Қазіргі таңда біздер жекеменшік аумақтарда орнатылған бейнебақылау жүйелерінің ақпаратына қол жеткізе аламыз.

Десе де, мас күйде және бұрындары істі болғандармен жасалатын қылмыстар саны азаймай тұр. Бұл ретте облыс әкімі әсіресе, ауылдық жерлерде заңсыз арақ-шарап саудасымен айналысатындарға тосқауыл қою керектігін айтты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Заңсыз алкоголь өнімдерін саудалау фактілерінің көзін жою керек. Бұл мәселені әр ауыл, аудан, қала әкімі мен тәртіп сақшылары бақылауға алсын.

Кейін жиында Тимирязев және Қызылжар аудандарының әкімдері есеп берді. Соңғысында биыл жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Бұл ретте тимирязевтықтарға алдын алу шараларын күшейту жүктелді. Ал селекторлық режимде баяндама жасаған Қызылжар ауданының әкіміне өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов бұқаралық спортқа көбірек тұрғындарды тарту керектігін ескерті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– Баяндамада Қызылжар ауданының тұрғындарының 28 пайызы спортпен шұғылданады деп айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту кеерк. Өйткені жұмыссыздар көбіне қылмысқа барады. Мысалы, Петропавлда орнатылған дала тренажерлары бос тұрмайды. Күн суық болса да кісі көп барады.

Облыс әкімі халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырудың маңызына тоқталды. Аудандарда хоккей-футбол алаңдарының санын арттыру керектігін айтты.

 

Магжан Ахмадина