МТРА жаңалықтары

Заңсыз саудаланып келген тауарлардың көзі жойылды

Міне, заңсыз саудаланып, кейін кәсіпкрлерден тәркіленген 4 мың 920 бөтелке сыра, тағы арақ-шарап өнімдері осылайша төгіліп тасталды. Бұл сұйықтық кейін кәріздік желілерге құйылады. Ал құтылар полигонға жеткізілмек.

Ғизат Әбішев- СҚО мемлекеттік мүлік департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Жаңа экологиялық талаптардың енгізілуіне байланысты. Енді мұндай тауарлар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында емес осы жерде жойылатын болады. Өйткені бұрындары алкоголь өнімдері басылып-жанышылып, олардан шыққан сұйықтық жерге зардап тигізетін. Сондықтан енді қазір олар осылай жойылатын болады.

Жойылып жатқан алкоголь өнімдерінің шығарылған күні, тиісті таңбасы мен құжаттары жоқ екен. Тағы бұл күні киім-кешектер мен 10 ұялы телефон пешке салынып жағылды.

Сандыбай Қарабай- СҚО Әділет департаментінің сот орындаушысы:

– Акциздік маркалар, мемлекеттік нөмірлер мен ұялы телефондарға арналған жабдықтар отқа жағылды. Тағы қамауға алынған азаматтардан тәркіленген ұялы телефондардың көзі жойылды. Алдағы аптада жарамсыз деп танылған тағы бір партия алкоголь өнімдерін осы жерге әкеліп төгетін боламыз.

Жалпы жыл басталғалы сот орындаушалырының қарамағында мүлікті тәркілеуден мемлекет кірісіне өтетін табысқа қатысты 260 атқарушы іс болған. Соның 234-іне қатысты осы уақытқа дейін шешім шығарылған.

 

Магжан Ахмадина