МТРА жаңалықтары

СҚО-ның 80 жылдығына орай Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлері марапатталды

Серіктестікте бүгіндері 1000-ға жуық адам еңбек етеді. Теріскейдің 80 жылдығын тойлау шараларына орай зауыттың 4 қызметкері аймақ басшысының Құрмет грамотасы және алғыс хаттарына ие болды. Оларды облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан орынбасары Ратмир Ахметов табыстап, кәсіпорынның экономиканың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқандығын айтып өтті.

Владимир Ковшов – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директорының бірінші орынбасары:

– Бұл менің ғана емес барлық ұжымның еңбегі деп білемін. Өйткені, біздер соңғы 15 жылда өндірісте ауқымды жаңғырту шараларын жүргіздік. 150-ден астам жаңа қондырғыларды игеріп, алпауыт компаниялармен әріптестік қарым-қатынасты дамытып жатырмыз.

 

Магжан Ахмадина