Спорт

Алексей Луценко “Сәбилер үйіне” сыйлық жасады

Алексай Луценко, велоспорттан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Мен Қытайда өткен “Хайнянь турында” жеңіске жетсем міндетті түрде осы мекеменің тәрбиеленушілеріне сыйлықпен келемін деп уәде бердім. Кеше келіншегім екеуіміз дүкен аралап сыйлықтар алдық. Өзімнің 3 жастағы қызым бар. Мұндағы балаларға қарап әрқайсысына жылулық керек екенін ойлайсың. Қолымнан келгенше көмектескім келеді. Балаларға нағыз керекті заттарды сатып алдым.

Алесей Луценко 30 қазан күні Қытайдың оңтүстігінде өтетін «Хайнань туры» дәстүрлі велокөпкүндігін жеңіспен аяқтап, туған қаласына бірнеше күнге демалысқа келген екен. Биылғы жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Енді, желтоқсанда Италияда өтетін көпкүндікке дайындық жүргізбек. Бүгін ол – кір жуғыш машина, қысқатолқынды пеш, балалар киімін жууға, балғындарды жуындыруға арналған заттар әкелген. Сыйлықтардың барлығы да бөбектерге нағыз қажет дүниелер дейді бас дәрігер.

Мәруар Кәпенова, “Сәбилер үйі” КММ бас дәрігері:

– Кеше келіншегі екеуі келіп, не керектің барлығын сұрады. Бүгін барлық керек-жарақты алып келді.

Мұндағы сәбилер 4 жасқа толғаннан кейін балалар үйіне ауысады. Бүгін де 75 балаға шақталған мекемеде 55 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.

 

Акбопе Танирберген