Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры СҚОФ-да ашық есік күні ұйымдастырылды

Анар Ғабдуллина – “Ғабдуллина” ЖК директоры:

– Мен енді сауда павильонымды кеңейтпек ниеттемін. Ол үшін 5-6 млн теңгедей қаражат қажет. “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несие рәсімдеп, сол ақшаны алмақ ойым бар.

Жалпы бүгін ұйымдастырылған республикалық ашық есік күніне ондаған кәсіпкер келді. Олар екінші деңгейлі банк және де “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры СҚОФ-ың өкілдерімен бір терезе қағидаты бойынша әңгімелесіп, қажетті кеңестерін алды. Бизнесмендер көбіне “Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасы арқылы несиені қалай алуға болатындығын, және де оның шарттары жайында сұрастырды.

Светлана Назарюк – “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры СҚОФ директоры:

– Өткен 10 айдың ішінде облыста “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттік субсидия алуға жалпы сомасы 13 млрд теңге болатын 188 жоба мақұлданды. Ал жыл басынан өңір кәсіпкерлеріне 750 млн теңге субсидия ұсынылды. Сонымен қатар жиынтық құны 1,9 млрд теңге болатын 39 жобаға кепілдік берілді.

Негізі “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры СҚОФ өңір бизнесмендеріне әрдайым түрлі кеңестер беріп тұрады. Мәселен, жыл басынан мұндағы мамандардан 3,5 мыңнан астам кәсіпкер кеңес алыпты.

 

Риат Шони