Спорт

Петропавлда годзю-рю каратэ-додан жарыс өтті

Дамир Жанбүргінов, жарысқа қатысушы:

– Мен жаттығудың бір күнін де қалдырмаймын. Маған бұл спорт түрі ұнайды. Қарсыласым мықты болғанымен мен бар күшімді салып жеңіске жеттім.

Бүгінгі жарыс 80-нен астам каратэшінің басын қосты. Олардың арасында СҚО-ның мектеп оқушыларынан басқа Қостанайлық спортшылар да бар.

Евгений Максимов,ҚР “Мейбукан Годзю-рю Каратэ-до Ассоциациясының” СҚОФ директоры:

– Аймақтық турнирде каратэ, таэквон-до, ушу және кудэ федерациялары қатысуда. Аталмыш сында 5 пен 15 жас аралығындағы спортшылар бақ таластырып жатыр. Біз осындай сайыстар арқылы мықтыларды анықтай аламыз.

Сайыс соңында түрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңіске жеткен қатысушылар грамота және медальмен марапатталды.

 

Тогжан Акмагамбетова