Балалар

Петропавлда әзілкештер кеші өтті

Жеңіл қалжыңдар көрерменнің көңілін тауып, күлкіге қарық қылды.

Аян Зариф – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Әзілдеріміз еркін тақырыпта болғандықтан,көбінесе залда отырғандар мектеп оқушылары болғандықтан, мектептегі өмір жайлы әзілдерді алдық. Сондай-ақ, біз өзіміздің қаламыздағы көшелер жайлы айтып өттік. Мысалы, көшелердің жағдайы туралы.

Жалпы, осы жолғы көңілділер және тапқырлар клубының маусымына қатысқан 7 құрама тек “Сәлемдесу” және «Үй тапсырмасы» сайысында бақ сынады. Мұнда облыс аудандарының және қаламыздың жастары жиылған. Ұйымдастырушылар жыл өткен сайын сайысқа қатысатын құрамаларға қойылатын талап қатаңдап келеді дейді. Әзіл-сықақтың да сапасы өскен.

Резеда Баймұхаметова – «Демеу» волонтерлық қозғалысының жетекшісі:

– Командалар өте мықты деп айтуға болады. Жастар өсіп жатыр, олардың әзіл-ысқақтары да өсуде. Өздерін сахнада жақсы ұстап, аудиториямен жақсы жұмыс істейді.Осы, міне КВН ойындарын алдағы уақытта дамыту біздің ойда бар. Әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіліп жатқан шаралар осы жылмен бітпейді деп ойлаймын.

Әзіл додасының соңында қала әкімінің кубогін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ -нің студенттерінен құрылған «Арыстан» құрамасымен Ғ.Мүсірепов ауданының мектеп оқушыларынан жасақталған команда ұтып алды. Сондай-ақ, «Ең үздік әзіл» мен «Көрермендер көзайымы» атты номинацияларға № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің «Декабристер» құрамасы ие болды.

Тогжан Акмагамбетова