МТРА жаңалықтары

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Иван Кендюх- «Ауыл» ХДПП төрағасы:

– Бүгіндері әлемде экстремизим мен терроризм белең алып бара жатыр. Біз жастарды теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кетпеуге үйретуіміз керек. Елімізде ұлтаралық келісім орнаған. Сондықтан сол тұрақтылықты сақтап қалу маңызды.

Теріс пиғылды діндердің ықпалына тағы сауатсыз жандар мен жұмыссыздар ілігіп жатыр. Соңғылары оңай ақша табуды көздесе, алғашқылары алдап-арбаудың арқасында өз өмірлерін қатерге тігуде. Айталық, ағымдағы жылдың жазында Петропавл қалалық сотында адасқан солтүстікқазақстандыққа қатысты үкім шықты. Теріс ағымды ұстанған Марат Өмірзақов 7 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Сирияда террорлық топқа мүшелік еткен теріскейлік 2012 жылы ол жаққа заңсыз жолмен өткен екен.

Михаил Гусев- Петропавл қалалық сотының судьясы:

– Оны теріс пиғылды жандар жақындарыңа көмек көрсетесің деп арбауына түсірген. Түркияға заңсыз жолмен өтіп, кейін Сирияға жеткенде сыбайластары қарсы алған. Сол жерде әскери даярлықтан өтіп, қару қолдануды үйренген. Осылайша террорлық топтың мүшесі ретінде қақтығысқа қатысқан. Кейін өзінің бейбіт адамдармен соғысып жатқанын түсініп, ол жерден қашқан. Сол кезде ұсталып, елімізге депортацияланып, заң алдында жауап берді.

Терiскейде сектаның сойлын соғып, терiс ағымдардың жетегiнде кеткендер шамалы. Десе де, алдын-алу шараларын өткiзiп отыру маңызды. Оны спикерлерді ерекше қызығушлықпен тыңдаған жастар айтуда.

Нұрай Жанаева- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Біздің Университетте дінтану пәні бар. Ол біздің бағдарламамызға қосылған. Сирия басқа да мемлекеттерге қарағанда елімізде діни ахуал тұрақты. Бұл бізге жақсы әсер етеді. Алдағы уақытта да бос уақытымызды жай өткізбей, осындай шараларға қатысып жүреміз.

Бүгінгі күннің маңызды проблемасын талқылаған осындай семинарлар алдағы уақытта облысымыздың колледждерінде де ұйымдастырылмақ.

 

Магжан Ахмадина