МТРА жаңалықтары

Биыл Петроапвлдықтарға “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасының ІІ-бағыты бойынша 36 шағын несие берілді

Қажыбай Мемешов – жеке кәсіпкер, Петропавл қаласы:

– Несие 4,5 жылға берілді. Мемлекет тарапынан бұл үлкен көмек. Ендігі жылы шамам жетсе ірі қара мен жылқы алмақшымын.

Қажыбай Мемешов ұсақ малдың басын мыңға жеткізіп, қойдың етін сатпақшы.
Негізі қаланың шеткері аудандарында тұратын азаматтардың көбі мал шаруашылығымен айналысуға құлықты. Алайда жайылымдық жер алу кезінде әкімшілік кедергілердің туындауынан біразы орта жолда ойларынан айнып жататын көрінеді. Мұны жұмыспен қамту орталығының мамандары да растап отыр.

Думан Смағұлов – Петропавл қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы:

– Биыл “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында 101 млн 900 мың теңгеге 36 шағын несиесі берілді. Көбі несиені жеке бизнес ашуға немесе оны кеңейту үшін алды. Биыл 36 петропавлдық жеңілдетілген несие ресімдеген. Соның 2-еуі ғана ата кәсіпті жалғастыруда. Қалған заемшылар қоғамдық тамақтану, жолаушылар тасымалы және жарнама бизнесімен айналысады.

Мемлекеттік қолдауға ие болған іскер азаматтар барлығы 50 жұмыс орнын құруы тиіс.

Берік Қасен