Спорт

100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар спорт сарайында жаттығуда

Сергей Харламов – мүгедектер арасында халықаралық спорт шебері:

– Осы 10 жылдың ішінде Қытай, Франция, Лондон елдерінде болып, жүлделермен оралдым. Әрине, оңай болған жоқ, бірақ мен барымды салдым. Бүгін біз спорт сарайында шынығып жатырмыз. Біздерге арнап осындай мүмкіндік беріп отырғанына қуаныштымын.

Облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» клубы осыдан үш жыл бұрын құрылыпты. Оған 138 адам ұдайы келіп тұрады. Олар енді спорт сарайындағы жеңіл атлетика манежінде аптасына 3 рет жаттығып, денелерін шынықтыра алады.

Мария Дробязго – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» спорт клубының аға жаттықтырушысы:

– Біздің клубтың спортышлары осында келіп жаттығады. Барлық жағдай жасалған, өте ыңғайлы. Мұнда көз жанарынан, есту қабілетінен айырылғандар да шынығуда, бірақ арбаға таңылған жандар бұл спорт сарайындағы манежде жаттыға алмайды.

Жалпы, спорт сарайында 100-ге жуық жарымжан жеңіл атлетикамен және шағын футболмен айналысады.

 

Айсулу Сергали