МТРА жаңалықтары

Жыл басынан өңірде 1207 ұрлық тіркелген

ЖӘБІРЛЕНУШІ:

– Ұры аула жақтағы әйнектен кірген. Ол өмір бойы тырнақтап жинап-тергенімді қолды қылды. Бағалы заттарды әп-сәтте жоғалтып алу өте қиын екен. Сондықтан, қал тұрғындарын баукеспелерден абай болуға шақырамын.

Жедел іздестіру барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғыны қамауға алынды.

Ернар Шырынбайұлы – ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ №2 полиция бөлімінің тергеушісі:

– 2016 жылғы 26 қазан күні пәтерлерден жасалған ұрлықтары үшін Петропавл қаласының 1972 жылы туған бұрын сотталған тұрғыны қамауға алынды. Бүгінгі таңда оның осы сияқты 7 қылмысқа қатыстылығы дәлелденіп отыр. Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлімінің 2 және 3 бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Айту керек, жыл басынан облыста 1207 пәтер ұрлығы тіркелген.

 

Айгерим Ержанова