МТРА жаңалықтары

Жерлесіміз Тамара Патютко өңірдегі медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосты

Тамара Патютко – ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі, еңбек ардагері:

– 57-ші жылы Челябі мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, СҚО-на жолдама алдым. Дәл сол жылдары теріскейде тың және тыңайған жерлер игеріліп жатқан кез еді. 50-ші жылдар ел үшін өте қиын болды. Материалдық-техникалық база атымен жоқ. Операцияны перзентханада емес, барақтың ішінде жасайтынбыз. “Кесір тілігін” жасатқан келіншектің іштегі жарасы көпке дейін жазылмай, асқына беретін.

Ауылдарға апаратын жолдар нашар болғандықтан дәрігерлер ат, арбамен, тарктормен қатынаған екен. Тамара Патютконың айтуынша, аудандық, облыстық маңыздағы күре жолдар 60-шы жылдардың басынан төселе бастады. Бірте-бірте әлеуметтік инфрақұрылым дамып, аудан орталықтарында ауруханалар тұрғызылған. Акушер-гинекологтар жедел шақыртуларға ұшақпен жеткізілген.

Тамара Патютко – ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі, еңбек ардагері:

– Бүгінде дәрігерлердің жұмысы анағұрлым жеңілдеді. Аудан орталықтарында жаңа ауруханалар, ал ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып жатыр. Мұның бәрі шалғайда тұратын адамдар үшін өте қажет. Қазақстанда ана мен бала өлімі азайған. Адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты. Бұл үлкен жетістік.

Тамара Патютко қарашаның 2-сі 84 жасқа толады. Десе де кейуана өзін сергек сезінеді. Соңғы 20 жыл бойы таңғы гимнастика жасап тұрады екен. Қария 2 ұл тәрбиелеп өсірген. Бүгінде біреуі өзі сияқты денсаулық сақтау саласын таңдап, Облыстық ауруханада анестезиолог болып еңбек етуде.

 

Берік Қасен