Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-ның 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Өңірдің сонау 80 жылдан бергі әр жетістігі «Өзіне тартады туған жер» атты мына көрмеде көрініс тапқан. Мұнда 200-ге тарта фотосуреттер, тарихи құжаттар мен археологиялық жәдігерлер орналастырылған. Көрмені өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов тамашалады. Қазақстанның ірі аграрлы-индустриялық өңірі – әр түрлі пайдалы қазбаларға бай, ғылыми-техникалық әлеуеті зор, экономикалық-географиялық жағдайы да қолайлы. Қазақстан астығының 3/1 бөлігін беретін елдің басты аграрлы аймағы. Мұны салтанатты шарада көпшілік алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы ерекше атап өтіп, барлық теріскей халқын 80 жылдық мерейтоймен құттықтады.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Өңірдің алға басушылықтарын көрудеміз. Осынау мерекемен барлы жерлестерді құттықтаймын.

Мына залда – сауыншы, дәрігер, механизатор, кірпіш қалаушы, облыс және қаланың құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері отыр. Барлығы да өз шама-шарқынша әр салаға ат салысып, өңірдің дамуына сүбелі үлестерін қосқан. Бұл ретте 74 азамат облыс әкімінің қолынан тиесілі марапаттарын алды. Бұл қатарда «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев та бар. Ол 100-ден артық адамды жұмыспен қамтып отыр. 1999 жылы ісін бұрынғы ескі техникамен бастаса, бүгін де оның иелігіндегі алқаптарда да сужаңа трактор-комбайндар жүйткіп жүр.

Серік Малаев, «Ақселеу» ЖШС директоры, Ғабит Мүсірепов ауданы:

– 1999 жылы 5200 га жер болды, 2016 жылы 13000 га жерге егін ектік. Жаңа техникаға қол жеткіздік.

Аққайыңдар өлкесі – талай танымал тұлғалар мен батырларды дүниеге әкелген мекен. Мүтәллап Қанғожин – Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов және Сафуан Шәймерденовтердің көзін көрген. Ардагер журналист 40 жылға жуық «Петропавл» телестудиясында қызмет атқарыпты. Танымал тұлғалармен сұхбаттас болған. Мәдениеті енді дамып келе жатқан ол кездегі Солтүстік Қазақстанды қазіргісімен салыстыруға да келмейтін дейді. Бүгін облыс әкімінің алғыс хатын алған 25 азаматтың қатарында ол да бар.

Мүтәллап Қанғожин, СҚО құрметті азаматы, журналист:

– Облыс атауы сан өзгерді. Бүгінде адам танымастай өзгерді.

Жиылғандар бүгін облыстың өткен күндеріне көз жүгіртіп, туған жерлеріне адал еңбек еткен тұлғалар жайында айтуда. Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, Петропавлдың құрметті азаматы Александр Липовой өңірге алғаш су тартылып, жарық пен жолдардың қалай салына бастағанын есіне алды.

Александр Липовой, Петропавл қаласының құрметті азаматы:

– Мен 54-ші жылы облыстық атқарушы комитет төрағасының бірінші орынбасары болдым. Сол жылдары өңірімізге келген қоныс аударушыларды 100-ден артық совхоздарға орналастырдық. Тың игеру қарқынды жүргізіліп жатты. Ең ұзын су құбыры де сол кезде тартылды. Сергеевка-Тимирязев, Омбы-Қорғанға шығатын тас жолдар салынды.

Салтанатты шара өңірдің мәдени ұжымдары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.
Интершум

 

Акбопе Танирберген