Білім

Қазақстан халқының 20 пайызы ағылшын тілін біледі

Әлихан Арыстан- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Академиялық ұтқырлық және көптілді білім беру бөлімінің маманы:

– Мен түрік және ағылшын тілдерін қазақ-түрік мектеп-интернатында 7-сыныптан бастап меңгердім. Мектепте математка, биология, химия, физика пәндері таза ағылшын тілінде оқытылды. Сондықтан шет тіліне қызығушылығым басым болды.

Әлихан Арыстан сөздерді жаттағаннан көрі әдебиеттерді көбірек оқып, әлеуметтік желілерден сол елдің азаматымен хат-хабар алысып тұрған әлдеқайда тиімді болады деді. Ол болашақта шет тілдеріне қажетілік жоғары болады деп санайды. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная көп тілділікті насихаттауға бағытталған осындай бұқаралық шараларды жиі өткізіп тұру маңызды дейді.

Людмила Гривенная – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі:

– Оқыту ғылыми-әдістемелік семинарды 3-ші жыл өткізудеміз. Онда біз тіл тақырыбын жиі қозғаймыз. Жиында тіл мамандары, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені мен Ассамблея мүшелері Қазақстанда тіл алуандығын сақтау бойынша пікірлерімен бөлісіп, әдістемелерін таныстыруда.

Биыл облыс бойынша ағылшын тілін оқытатын 20 топ ашылыпты. Былтыр біреу болған. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың маманы Ернияз Сұлтановтың айтуынша, жас мемелекеттік қызметшілердің ағылшын тіліне қызығушылығы зор екен.

 

Берік Қасен