Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясында күзгі астық сатып алу жүргізілуде

Аманжол Еңсегенов – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің директоры:

– Үш аудан қарыздарын ең бірінші жапты. Олар: Аққайың, Шал ақын және Қызылжар аудандары. Биылғы жылы жұмысты барлығы да жақсы атқарды. Ақша қайтарылды. Келер жылы да осы қожалықтармен әріптес боламыз деген ниеттемін.

Келісім шарт барлық шаруа қожалық иелерімен қараша айының 1-не дейін жасалған. Бүгінде қарыздың 3%-ы қалыпты.

Аманжол Еңсегенов – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің директоры:

– Биыл 2,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде бұл соманың 3%-ы әлі қайтарылған жоқ. Бүгін-ертең қарыздары жабылуы тиіс. Уақытылы қайтармаған диқандарға күніне 0,1 пайыз айып салынады.

Қазір корпорацияда күзгі сатып алу жұмысы жүріп жатыр. Мұндағылар 4 сыныптағы бидайдың тоннасын 36 мың теңгеге, ал 3-ші сұрыптағысын 40 мың теңгеден алуда. Сондай-ақ, 2-ші сыныптағы арпаны 25 мың теңгеден қабылдауда.

 

Айгерим Ержанова