МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық боксшы Жетісу Кубогынан жеңіспен оралды

Ол осы спортпен 6 жылдан бері айналысады. Аз уақыт өтсе де республикалық, тіпті халықаралық жарыстардың жүлдегері атаныпты. Ал, жуырда Талдықорған қаласында өткен “Жетісу Кубогына” қатысып, алтын алқа иеленді. Ол сайыста бес кездесу өткізіп, қарсыластарын ойсырата жеңіпті. Осылайша, бокстан ҚР спорт шебері дәрежесіне лайық деп танылды.

Павел Деменский – бокстан ҚР спорт шебері:


–  Жалпы алаңға бес рет шықтым. Негізінен, қарсыластарымыз мықты болды. Әсіресе, соңғы кездесудегі Қытайдан келген боксшыны жеңу маған қиынға түсті. Барынша тырысып, шеберлігімді көрсеттім.

Дүбірлі додада Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан, Монғолия және Қазақстаннан 200-ге тарта спортшы қатысты. Ал, біздің өңірдің намысын барлығы 4 боксшы қорғаған. Спортшылардың ішінен жеңіспен орлағаны тек Павел Деменский ғана.

Шайбек Қарағазиев – бокстан облыстың аға жаттықтырушысы:


– Павел Деменский 1-ші орын алып жатыр. Салмағы бойынша 26 бала болды. Ол бес кездесу өткерді. Бірінші ойынды Алматы қаласының спортшымен өткізіп, жеңді. Одан соң, ақтөбелік және астаналық бокшыларды ұтты.

Енді Павел Деменский желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін халықаралық турнирге қызу дайындық үстінде.

 

Тогжан Акмагамбетова