Спорт

“Мен – Чемпион!” ойынына қатысушылар қаланың көрікті жерлерін аралауда

Енді, бүгін қаламыздағы ойын-сауық орындары мен мұражайларын аралауда. Себебі бүгін сайыс өзге құрамалар арасында өтуде. СҚО тарихи-өлкетану мұражайына келген олар теріскей жерінің тарихымен танысып, көне жәдігерлерді тамашалады. Оларға қысы – қатты, жазы – қоңыр салқын өңірде өмір сүретін аң-құстардың макеті орналастырылған мына зал ұнапты.

Әмір Сыздық , Жамбыл облысы:

Петропавл өте көрікті қала екен. Бүгін музейге келіп отырмыз. “Я – чемпион” бағдарламасының арқасында көп достар таптым.

Аслан Кадзоев, Ақмола облысы:

–  Музейде құнды заттар мен жәдігерлер көп екен. Маған қатты ұнады. Осыдан кейін “Нептун” аквапаркіне барамыз.

Кейін, кішкентай меймандар Петропавлдағы “Нептун” аквапаркіне барды. Суға түсіп, бой жазған, еліміздің өзге өңірлерінен келген балақайлар өзара достасып кеткен. Қанағат Жұмағали – Жамбыл облысынан келіпті. Оның “Барыстар” деп аталатын құрамасы кеше Ақмолалық командамен күш сынасып, қарсыластарын жеңген. Бүгін осылайша дем алып, ойынның ширек финалына дайындалып жүр екен. Құрамасындағы өзге 11 досына сеніп артып отыр.

Қанағат Жұмағали, “Барыс” құрамасының ойыншысы, Жамбыл облысы:

Бүгін біз мұражайда болып ондағы құнды дүниелерді көрлік, бұдан соң “Нептун” аквапаркіне келіп отырмыз. Мұнда бәрі қызықты. Жалпы, Петропавл әсем қала екен.

Ал, мұнда Тарпедо, Анаконда, Бумиранг сынды аттракциондар бар. Балалар бұралаңы көп бұл жолдар арқылы сырғанау кезегіне таласып-тармасып жүр. Олардың қауіпсіздігін инструктор мамандар қадағалауда.

Өзге құраманың ойыншылары аттракциондардың қызығына еніп кетсе, қостанайлық “Акула” тобының мүшелері джакузиде демалып жатыр. Балақайларға бүгінгідей қызықты демалысты ұсынған “Нептун” аквапаркінің әкімшілігі өзге өңірден келген меймандарды қабылдағандарына қуанышты.

Анна Бойцова, “Нептун” аквапаркінің бас әкімшісі:

 

–  Оларға үлкен және кіші бассейіндер, хамамдар мен аттракциондардың барлығы ұнапты. Қаламызда өтіп жатқан республикалық спорттық ойындарының қатысушыларын қабылдап отырғанымызға қуаныштымыз.

Қазақстанның барлық өңірінен келген бұл балалар Петропавлда қазанның 4-не дейін қонақ болмақ. Өйткені дәл осы күні “Мен – чемпион” ойындары мәресіне жетіп, жеңімпаз команда анықталады.

Акбопе Танирберген