МТРА жаңалықтары

Петропавлдықтарға әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған тың жоба таныстырылды

Кейін олар Алматы қаласына біліктілікті арттыру курстарына жіберілмек. Бұл мақсатқа республикалық “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 30 млн теңге ақша бөліпті.

Жәнділдә Жақыпов – “Халықаралық құқық қорғау орталығы” ҚБ жетекшісі, Алматы қаласы:

– Жобамыздың басты мақсатының бірі әр өңірде бір заңгер мен бір медиаторды қою. Олар қоғамдағы әлжуаз топтарға және девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тегін қызмет көрсететін болады.

Виктор Кривошеев Есіл аудандық мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігіне төрағалық етеді әрі кәсіби медиатор. Ол біздің өңірде дау-дамайды сотқа жеткізбей шешіп, екі жақты татуластыратын білікті мамандарды көбейту қажет дейді.

Виктор Кривошеев – Есіл аудандық мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кәсіби медиатор.

– Мәселен, екі көрші бір-бірімен келіспей қалды делік. Олардың дауын сотқа жеткізбей шешуде білікті мамандар біздің өңірге аса қажет. Қазіргі күні медиаторлар тұрғындардың ұсыныс-тілектерін қарау үшін 30 мың теңгеден бастап ақша сұрайды. Менің ойымша, олар халыққа тегін қызмет көрсетуге тиісті.

Жиында “Халықаралық құқық қорғау орталығы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері халықтың талап-тілектерін жауапты органдарға жеткізуге жағдай жасайтындықтарын да айтты. Ұсыныстарды халық қарашаның 30-шы жұлдызына дейін білдіре алады. Ол үшін Кәрім Сүтішев көшесінде орналасқан 17-ші үйдегі, 30-кеңсеге бару қажет. Онда кәсіби заңгер мен медиатор теріскейліктердің мәселелерін тыңдап, тегін кеңес береді.

Култанов Байболат